Атырау, 28 ақпан 21:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 497.56
€ 586.92
₽ 6.44

ОСК Тоқаевты президенттікке үміткер ретінде тіркеді

2 925 рет қаралды


Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттікке үміткер ретінде тіркеді деп хабарлады 3 мамырда ОСК-ның баспасөз қызметі. Оны тіркеу туралы арнайы қаулы қабылданған.

"Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауына Қазақстанның барлық 17 өңірінен 315 910 азаматтың қолы жиналды, олардың 313 653-і жарамды деп танылды" делінген ОСК ресми сайтында жарияланған хабарламада.

23 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Нұр Отан" партиясының съезінде Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдағы президент сайлауына билік партиясынан кандидат ретінде Тоқаевты ұсынған. Партия мүшелері Тоқаев кандидатурасын бірауыздан қолдаған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін айтқан.

Дереккөз: Азаттық радиосы 

3 мамыр 2019, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.