Атырау, 23 желтоқсан 05:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Жұматай Әлиев қазақ тілінен емтихан тапсыра алмады

2 161 рет қаралды

Сурет : Хабар 24
Үміткердің жауаптарын саралай келе комиссия оның мемлекеттік тілді толық меңгермегені туралы шешім шығарды – Ахметов.

Жұматай Әлиев қазақ тілін меңгергенін анықтайтын емтиханнан өте алмады. Бұл туралы ОСК лингвистика комиссиясының мүшесі Әділ Ахметов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

– Әр кандидат емтиханда үш сұраққа жауап берді. Бірінші тапсырма – "Мемлекет және дін" тақырыбына шығарма жазуды өзі таңдады. Екінші тапсырмада Мұхтар Әуезовтің "Абай жолынан" үзінді оқыды. Үшінші тапсырма – "Ырыс алды – ынтымақ" тақырыбында баяндама жасау болды. Кандидат бөлінген уақытты толық пайдаланды. Жазбаша жұмысқа 1,5 сағаттан астам уақыт жұмсады. Дауыстап оқуға дайындалу үшін біраз уақыт дайындалды, – деді Ахметов.

Үміткердің жауаптарын саралай келе комиссия оның мемлекеттік тілді толық меңгермегені туралы шешім шығарған екен.

– Жазбаша жұмысынан өте өрескел қателер табылды. Үтір-нүкте, стилистика және басқа да ережелер бойынша 19 қате шықты. Соның бәрін саралай келе комиссия ортақ шешімге келді, – деп түсіндірді спикер.

Дереккөз: zakon.kz

2 мамыр 2019, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.