Атырау, 23 желтоқсан 03:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Мерекелік шараға келгендер наразылық білдірді

3 538 рет қаралды


1 мамыр күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан жерге жиналған адамдар билікке наразылық білдіріп, Қазақстанды 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев өткен айда президент қызметінен кеткеннен кейін билік биыл маусымның 9-ында өтеді деп жариялаған кезектен тыс президент сайлауына бойкот жариялауға шақырды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Алматының орталық мәдени және демалыс саябағына жиналған ондаған адам Қазақстанда қазір қамауда отырған және қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқан белсенділерді қолдаған талаптар қойды. Саябаққа жиналған наразыларды полиция сырттай бақылап тұр.

Нұр-Сұлтанда "Астана" концерт залының алдына жиналған наразы адамдар "өтіріктен шаршағандарын" айтып, "Шындықтан қашып құтылмайсың!", "Әділ сайлауды қалаймыз!", "Сайлауға - бойкот!", "Адалдық!" деп айғайлады.

Жиналғандардың арасында әлеуметтік жағдайының нашарлағанын айтып, елді бірігуге шақырғандар да болды.

Дереккөз: Азаттық радиосы

1 мамыр 2019, 13:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.