Атырау, 23 желтоқсан 06:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Коммунистер партиясы президент сайлауына түсетін кандидатты атады

3 480 рет қаралды


Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан кезектен тыс президент сайлауына Жамбыл Ахметбеков түседі. Бұл туралы партияның кезектен тыс съезінде белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан коммунистік халық партиясының кезектен тыс XIV съезі өтті. ҚКХП орталық комитетінің хатшысы Айқын Қоңыров коммунистер партиясының алдағы мерзімінен бұрын президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді.

Партия президенттікке үміткер ретінде мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбековті ұсынды. Партия мүшелері кандидатураны бірауыздан қолдады.

Дереккөз: sputniknews.kz 

26 сәуір 2019, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.