Атырау, 23 желтоқсан 00:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Жоғарғы соттың бес судьясы лауазымдарынан босатылды

3 243 рет қаралды


Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сот судьялары лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Атап айтқанда, Ғалия Бақытжанқызы Аққуова, Әділ Жамбасбайұлы Құрықбаев, Амангелді Өмірбайұлы Сәрсенбаев,  Моряк Смағұлұлы Шегенов орнынан түсуіне байланысты,  ал Еліс Нұрқасымұлы Әбдіқадыров басқа лауазымға тағайындалуына орай ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босатылды. 

«ҚР Президентінің Жарлығымен Е. Әбдіқадыров Алматы облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. Зейнеткерлік жасқа толуына Ғ. Аққуова, Ә. Құрықбаев, А. Сәрсенбаев және М. Шегенов отставкаға кетті», - деді Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақов. 

Талқылаудан кейін Сенат депутаттары аталған судьяларды қызметтен босату туралы шешімді қабылдады.

Дереккөз: inform.kz

25 сәуір 2019, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.