
Соңғы жекпе-жегінде GGG барлық белбеуінен айырылды.
Геннадий Головкин Instagram желісіндегі парақшасында бапкері Абель Санчеспен жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өзім және карьерам үшін маңызды шешім қабылдадым... Енді Абель Санчеспен жаттығуымды жалғастырмаймын. Оңай шешім болмады және бұл Абель Санчестің қабілетіне байланысты емес. Ол тамаша, сенімді бапкер... Жаңа жаттықтырушыны кейінірек хабарлаймын, ал әзірге Абельге бокста үйреткен сабақтарына алғыс айтқым келеді", - деп жазды Головкин.
Посмотреть эту публикацию в InstagramI would like to announce that I have made a major decision for myself and for my career. I want to build on what I have already achieved and continue to better myself. Therefore, I will not be training with Abel Sanchez. This was not an easy decision for me and it is not a reflection on Abel's professional abilities. He is a great trainer, a loyal trainer, and a Hall of Fame trainer. I will be announcing my new trainer at a later date. But today, I want to thank Abel for the lessons he taught me in boxing.
Публикация от Gennady Golovkin | GGG (@gggboxing)
Vesti.kz ақпараты бойынша, Головкин мен Санчес 2010 жылдан бері бірге жұміс істейді. Осы бапкердің басшылығымен Головкиннің соңғы жұдырықтасуы 2018 жылдың қыркүйегінде мексикалық Сауль Альвареске қарсы екінші жекпе-жек болған.
Америкалық бапкер Абель Санчес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен қарым-қатынасын үзуіне не себеп болғанын айтып, GGG-дің DAZN стриминг сервисімен келісімшартының қаржылық тұстарын ашты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Бүгіннен бастап мен Геннадий Головкинмен жұмыс істемеймін. Тоғыз жыл бойы бірге керемет жұмыс істеп, рекордтар қойып, Даңқ залынан орын алып, DAZN-мен 100 миллион долларға келісімшарт жасасқаннан кейін ол жалақымды азайтуды ұсынды. Абыройым мен ар-намысым осылай алдануыма жол бермейді. Өкінішке қарай, ашкөздік пен сараңдық, сонымен қатар, алғыс пен адалдықтың болмауы қарым-қатынасымызды үзуге алып келді", - деді Санчес Yahoo! Sports-ке берген сұқбатында.
Айта кетейік, Головкин мен Санчес 2010 жылдан бері жұмыс істеген болатын. Санчестің баптауымен Головкин соңғы жекпе-жегінде Сауль Альварестен ұтылып қалған еді.
Геннадий Головкин рингке 8 маусымда оралады. Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жеңіліп көрмеген канадалық Стивен Роллспен кездеседі. Жекпе-жек 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді.
Дереккөз: vesti.kz
В Атырау +1