Атырау, 23 желтоқсан 00:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстан кәсіподақ федерациясы президенттікке үміткер ретінде Амангелді Таспықовты ұсынды

3 201 рет қаралды


Қазақстан кәсіподақ федерациясы бас кеңес отырысында 9 маусымда өтетін республика президентінің сайлауына үміткер ретінде Амангелді Таспықовты ұсынуға дауыс берді, деп хабарлады федерация баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ТАСС. 

«Амангелді Таспықов Қазақстан Кәсіподақ федерациясынан сайлауға үміткер ретінде ұсынылды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

59 жасар Таспықов БҚО кәсіподағының аумақтық бірлестігінің төрағасы, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС «ҚазТрансГазАймақ» АҚ өндірістік филиалының директоры, ол 2004-2007 жылдары Қазақстан мәжілісінің (парламенттің төменгі палатасы) депутаты, 1998-2002 жылдары ҚР сенатының (парламенттің жоғары палатасы) депутаты болған. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуір күні 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауының өтетінін хабарлаған еді. Мемлекет басшысы лауазымына үміткерлерді ұсыну 10 сәуірден 28 сәуір аралығында өтеді. Әр үміткер сайлаушылардың 118 мыңнан астам қолын жинауы керек. 

Дереккөз: ҚазТАГ

24 сәуір 2019, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.