Атырау, 25 сәуір 03:55
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Алматы соты қырғызстандық экс-депутатты 10 жылға түрмеге кесті

2 288 просмотра


Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекуулуна "шекарадан контрабандалық тауар өткізбек болды" және "трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты" деп айыппен 10 жыл түрме жазасын кесті. Сот экс-депутатқа 5 жыл Қазақстанға кіруге тыйым салды.

Экс-депутат жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді. Судья Бақытхан Бәкірбаев Асылбекуулуның жазаны өтеу мерзімін қамауда алынған сәтінен - 2018 жылдың 15 ақпанынан бастап есепке алуды үкім етті.

Судья экс-депутатпен бірге сотқа тартылған өзге 11 адамға үкім оқып жатқанда айыпталушылардың туыстары "Масқара!" деп айқайлап, сотқа наразылық білдірді. Артынша айыпталушылар төбелесіп қалды да, судья Бәкірбаев сотталғандардың туыстарын залдан шығарып жіберді.

Прокурорлар актісінде Асылбекуулуның 2016 жылы қарашада "депутаттық қызметін пайда табу және заңсыз баю мақсатына пайдаланып, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны" айтылған. Прокурорлардың сөзінше, ол қылмыстық топты "Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресейге заңсыз тауар жіберу үшін басқарған".

Дамирбек Асылбекуулу 2018 жылы 15-16 ақпан күндері сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында өткен арнайы операция барысында ұсталған. Онымен бірге ұсталған 34 адамның арасында кеден органдары, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер болған. Ұсталғандардың үшеуі – Қырғызстан азаматы.

 Бұл іс бойынша Асылбекуулунан өзге 11 адам сотқа тартылған.

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты 17 ақпанда Қырғызстан азаматтарын екі айға тұтқындау туралы шешім шығарып, кейін қамау мерзімін бірнеше рет ұзартқан. Сот барысында Дамирбек Асылбекуулу Қазақстан азаматтығынан айрылғаны белгілі болды.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 

24 сәуір 2019, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.