Атырау, 24 мамыр 16:57
Кешке ашық+18, түнде +15, возможен дождь
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 378.01  € 420.88  P 5.84

Лингвистикалық комиссия Тоқаевтың қазақшасынан бір қате таппады

23 сәуір 17:50


Бүгін президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді меңгеруден емтихан тапсырды. Лингвистткалық комиссия кандидатты қазақ тілін толық меңгерген деп таныды.

"Лингвистикалық комиссия жұмысын бастады. Тұңғыш үміткерден емтихан алынды. "Нұр Отан" партиясы ұсынған үміткері Қасым-Жомарт Тоқаев келіп емтихан тапсырды. Екі сағат деңгейінде бізде болды. Ережеге сәйкес емтиханды тапсырды. Бірінші "Абай поэзиясы мен қара сөздері" тақырыбын, екінші мәтін оқуға Шерхан Мұртазаның "Мыңбұлақ" әңгімелері мен хикаялар жинағын таңдап алды. Үшінші өзінің жанына жақын тақырып Қазақстанның геосаясаты туралы әңгімелеп берді", - деп айтты комиссия төрағасы.

Мырзатай Жолдасбеков Қасым-Жомарт Тоқаев жазба жұмысында Абайдың поэзиясы мен қара сөздерінің халыққа беретін маңызы туралы терең жазғанын атап өтті.

"Бір де бір қате көргеніміз жоқ. Өткен жолғы президентіміз де осылай жазған еді. Шерхан Мұртазаны өзі таңдап алды. Үш бетін мәнерлеп, ырғақпен оқыды. Таң қалдым. Қазақстанның қазіргі геосаясаты туралы терең толғады. Комиссияның мүшелері толық қатысып, пікірлерін толық айтты. Лингвистикалық комиссияның қорытындысы - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік тілді толық меңгерген", - деп айтты Мырзатай Жолдасбеков ОСК қабырғасында.

Ол лингвистикалық комиссия алдына келетін кандидаттарға шын жүректен табыс тіледі.

Дерерккөз: baq.kz

 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

561 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4 5 6 7