Атырау, 24 мамыр 15:45
Кешке ашық+18, түнде +15, возможен дождь
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 378.01  € 420.88  P 5.84

Жасанды кірпік пен тырнақ жалғаудың үкімі қандай - мүфтият пәтуаны түсіндірді

23 сәуір 17:40


Мүфтияттың ғұламалар кеңесі жасанды кірпік пен тырнақ харам деген пәтуа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының айтуынша, азаматтар діни басқарманың пәтуа бөліміне өздерін мазалап жүрген сұрақтарын, тыйым салу қажет нәрселерге қатысты ойларын жолдап отырады.

Жасанды кірпік пен тырнақ жалғау - харам

"Соның ішінде ақылға қонымдысын пәтуа бөлімі елеп-екшеп, мәтінін дайындап, ғұламалар кеңесінің талқысына ұсынады. Ал олар оны мұсылман елдеріндегі тәжірибемен, ұлттық дәстүрмен саралай отырып, діни ғылыми тұжырыммен бекітеді. Міне, сондай ұсыныстың бірі осы жасанды кірпік пен тырнақ болды", - дейді баспасөз хатшысы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуасында: Сәндік мақсатта кірпік не тырнақ жалғауға тыйым салынады;

Тырнақты апта сайын алу – мұстахап (таңдаулы амал). 40 күннен асыру – харамға жақын мәкруһ (жағымсыз әрекет);

Зәрулік жағдайда жасанды кірпік және тырнақ жасатуға рұқсат етіледі;

Зәрулікке байланысты қойылған жасанды кірпік пен тырнақты алуға мүмкіндік болмаса, дәрет алғанда оны жуумен шектеледі. Алайда алудың жолы болса, кірпік пен тырнақты алып, орнын жуу міндет екені айтылған.

Ағабек Қонарбайұлы тырнағы немесе кірпігі бүлініп қалған, қайта қалпына келмейтін жағдайларды зәрулік деп айтылатынын атап өтті.

Жасанды кірпік пен тырнақ қай кезде рұқсат етіледі?

"Жасанды кірпік пен тырнақты зәрулік жағдайға байланысты қойған болса, ол су өткізбейтін, қайта алынбайтын нәрсемен жасалынса, онда оған рұқсат. Ондай жағдайда дәрет алуда жасанды кірпік пен тырнақ та жуылады. Яғни, мұнымен дәреттің парызын орындаған болып саналады. Егер жасанды кірпік пен тырнақты ешбір қиындықсыз алуға мүмкіндік болса, онда оларды алып, ол жерді сумен жуады да, қайта орнына қояды", - дейді ол.

"Ислам" журналының бас редакторы, діндар Оңғар қажы Өмірбек мұндай пәтуа Қазақстанға бұрыннан қажет болды деген ойымен бөлісті.

"Қазір көптеген мұсылман әйелдер жасанды кірпік пен тырнақ жасауды әдетке айналдырған. Ислам шариғатында тырнақ жалғау былай тұрсын, тырнақ өсірудің өзі - күнә. Сондықтан бізге мұндай пәтуа баяғыдан қажет болатын. Алайда мүфтият оны тек қазір жариялап отыр", - дейді ол.

Діндардың айтуынша, пәтуа ғылыми әрі дәйекті негіздемелермен бекітілген. Мүфтият мұндай мәселені жан-жақты талдап, бірнеше сараптама жасайды. Сондықтан пәтуа дайындығына бір жыл немесе одан көп уақыт кетуі мүмкін.

"Бізде пәтуаны қажет ететін дүние көп. Бірақ ҚМДБ оларды уақытында жариялап үлгермей жатыр. Оның үстіне, әр пәтуаны бір емес, бірнеше ғылыми негіздемемен бекіту керек. Сондықтан кешіктірілсе де, бұл дұрыс қабылданған пәтуа болды деп ойлаймын. Өйткені дәрет алғанда кірпік пен тырнақты жуу қажет", - дейді ол.

Дереккөз: sputniknews.kz

 

 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1785 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4 5 6 7

Последние новости