Атырау, 26 сәуір 14:36
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Тоқаев Конституциялық кеңеске өтініш түсірді

2 498 просмотра


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық Кеңеске Ата Заңның 41-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтініш түсірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2019 жылдың 23 сәуірінде Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады", - деп хабарлайды Конституциялық кеңес.

Тоқаев республика президенттігіне кандидаттарға қойылатын Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұруы туралы талаптың мазмұнын ашуды сұраған. Сондай-ақ Қазақстанның шетелдік мекемелерінде және халықаралық ұйымдарда жұмыс істеген кезде елден тыс жерде тұрған уақыттың 15 жылдың ішіне кіре ме деген сұраққа жауап берілуі тиіс.

Заңға сәйкес өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде.

Айта кетсек, еліміздің астанасында өтіп жатқан "Nur Otan" партиясының кезектен тыс XIX съезінде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаев түсетінін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 20 наурызда Қазақстан президенті лауазымын иеленді. Одан бір күн бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқан болатын.

Қазақстан президенті Тоқаев 9 сәуірде ел халқына үндеу жасап, биыл кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады. Мемлекет басшысы сайлауды 2019 жылдың 9 маусымына белгіледі.

Дереккөз: sputniknews.kz

 

23 сәуір 2019, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.