Атырау, 19 сәуір 21:16
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Назарбаев сайлауға түсуді сұрап хат жазғандар жайлы айтты

4 122 просмотра


Тұңғыш Президент, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 9 маусымда өтетін мемлекет басшысын сайлауға өз кандидатурасын ұсыну туралы ұсыныстар түсіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Осы күндері мен өкілеттігімді тоқтату туралы шешімімді күтпеген азаматтардан көптеген хаттар алып жатырмын. Кейбіреулер менің шешімім туралы өкініш білдіреді, тіпті сайлауға қатысу туралы да хаттар келіп жатыр. Мен оларға алғыс білдіремін және осы толқуды түсінемін. Адамдар тұрақтылықты, теңдіктің сақталуын қалайды", - деді Назарбаев Nur Otan партиясының съезінде.

"Маған деген мейірімді қарым-қатынас үшін ризамын және қазақстандықтардың осындай махаббаты мен жеке басыма деген құрметі үшін алғыс айтқым келеді. Мен алаңдаушылықты түсінемін және ойлана келе шешім қабылдағанымды айтқым келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев - барлық қазақстандықтар үшін достық және тең құқықтар саясатын ұстанатын адам деп айта аламын", - деді Тұңғыш Президент. 

Назарбаев отандастарын алдағы сайлауда Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға шақырды.

Дереккөз: tengrinews.kz

23 сәуір 2019, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.