Атырау, 25 сәуір 14:13
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Nur Otan съезінде президенттікке Тоқаевтың кандидатурасы ұсынылды

1 872 просмотра


Nur Otan партиясы мерзімінен бұрын Қазақстан президентін сайлауға қатысу үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Тоқаевтың кандидатурасы Елбасының (партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев) қатысуымен өткен XIX кезектен тыс Nur Otan партиясының съезінде ұсынылды.  Съезге барлық деңгейдегі депутаттар қатысты, саяси кеңестің мүшелері, партия ардагерлері, өңірлік филиалдардың өкілдері және "Жас Отан" жастар қанатының белсенділері.  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қазіргі президенті. Сәуірдің басында Мемлекет басшысы 9 маусымда елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Ол сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтетініне уәде берді.

Дереккөз: tengrinews.kz


23 сәуір 2019, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.