Атырау, 22 желтоқсан 22:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Тоқаев Зеленскийді құттықтады

2 665 рет қаралды


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украина президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Владимир Зеленскийді Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Украинаның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тілеп, жеделхат жолдадым", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter желісінде.  

Хаттаманың 90,25 пайызы саналғаннан кейін Владимир Зеленский Украина президенті сайлауында 73,18 пайыз дауыспен көш бастап келе жатыр. Ал Петр Порошенко үшін украиналықтардың 24,4 пайызы дауыс берген. 

Дереккөз: tengrinews.kz


22 сәуір 2019, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.