Атырау, 13 қаңтар 10:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Қазақстандық жеткіншек Месси және "Барселона" жұлдыздарымен кездесті

2 490 рет қаралды


Екі аяқсыз туған Нұр-Сұлтан тұрғыны Әли Тұрғанбеков Барселонада Лионель Месси және испандық футбол клубының басқа да жұлдыздарымен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әли өз кумирларымен кездесіп, клубтың жаттығуы мен "Камп Ноу" стадионында болып қайтты.


- Іштей қатты толқыдым, әсіресе Месси басымнан сипаған кезде. Ол маған бір сөз айтты. Жаратқанға алғысым шексіз! Жаратқанға сеніңіздер және одан сұраңыздар, барлығы соның қолында! Мен армандадым, ата-анам тырысты, ал Жаратушы барлығын жүзеге асырды, - деп жазды Әли Instagram-да.

Бұған дейін Әли Тұрғанбеков Украина футбол құрамасының футболшыларымен және оның бас жаттықтырушысы Андрей Шевченкомен, сондай-ақ Марадонна және ПСЖ жұлдыздарымен кездескен болатын.

Дереккөз: zakon.kz

22 сәуір 2019, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.