Атырау, 20 сәуір 10:41
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Бір топ белсенді ұсталған жастарды қолдау үшін Алматы сотының алдына жиналды

Бейнежазба
3 303 просмотра


Акцияға жиналғандар "жастарды босатыңдар!", "біздің таңдауымыз бар!" деп айғайлап, ұсталған белсенділердің апелляциясын қарайтын соттан шешімнің күшін жоюды талап етті. Оқиға орнында жүрген Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот ғимараты маңында полиция қызметкерлері көбейген.

Жиналған азаматтар 15 күнге қамалған екі белсендінің бірі Әсия Төлесоваға шыққан сот шешімін анасымен бірге апелляцияға беруге оқталған. Бірақ белсенділердің бірі түскі сағат 12 шамасында

Сәуірдің 21-і күні таңертең Алматыда марафон кезінде полиция бірнеше белсендіні ұстады. Ақпарат бойынша, олар жол жиегіне "От правды не убежишь. У меня есть выбор" (Шындықтан қаша алмайсың. Менде таңдау бар) деген жазуы бар баннерлерді іліп қойған.


Сәуірдің 21-і күні таңертең Алматыда марафон кезінде полиция бірнеше белсендіні ұстады. Олар жол жиегіне «От правды не убежишь. У меня есть выбор» деген жазуы бар баннерлерді тартып қойған болатын. Акция Қазақстан саяси жүйесі мен 9 маусымда өтетін сайлауды сынауға бағытталған.

Полиция оларды ұстап, Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбаев "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген айып тағып, әкімшілік іс қозғады. Кейінірек Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты екі белсендіні 15 күнге қамады. Белсенділердің адвокаттары сот шешімін апелляцияға беретінін айтты.

Дереккөз: Азаттық радиосы

22 сәуір 2019, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.