Атырау, 18 сәуір 08:37
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қордайдағы жол апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

2 219 просмотра


Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы 20 сәуір, сенбі күні болған апатта зардап шеккендердің қазіргі жағдайын айтты.

Ведомство ақпаратына сәйкес, 31 адамға медициналық көмек қажет болған, олардың тоғызы – Өзбекстан елінің азаматтары. Төрт адам Қордай орталық аудандық ауруханасында, бесеуі Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Тоғыз жолаушыны туыстары Алматы қаласының ауруханаларына алып кеткен. Төрт адам Шымкентке жеткізілді. Қазір оларға тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккендер арасында балалар жоқ.

Бұған дейін Өзбекстан азаматтарының өз елдеріне жеткізілгені туралы ақпарат хабарланған болатын.

Трагедия сенбі, 20 сәуір күні сағат 05:00-де Алматы-Ташкент тасжолының 181-шақырымында болды.

Toyota Camry жол жиегінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. Осы сәтте жолда келе жатқан жолаушылар автобусының жүргізушісі апатқа ұшыраған көлікті айналып өтпек болғанда аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының төртінші бөлігіне (екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес алдын ала тергеу басталды.

Апат салдарынан 11 адам көз жұмды (сегізі оқиға орнында жан тапсырды, екеуі Қордай аудандық ауруханасында көз жұмды, бір адам Гвардияның медициналық ауруханасында көз жұмды).

Дереккөз: sputniknews.kz

21 сәуір 2019, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.