Атырау, 22 желтоқсан 22:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ҚР СІМ: Шри-Ланкада болған бірнеше жарылыстан қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ

2 690 рет қаралды


Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәлімдеуінше, қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында қазақстандықтар жоқ.

Шри-Ланкада бірнеше шіркеу мен қонақүйде жарылыс болып, қаза тапқандардың саны артуда. «Франс Пресс» агенттігінің мәлімдеуінше, марқұмдардың саны қазір 185-ке жеткен. Тағы 500-ге жуық тұрғын жарақат алған. Лаңкестер ел астанасы Коломбо қаласындағы 1 католик шіркеуі мен 3 қонақүйді және Негомбо шаһарындағы 2 шіркеуді нысанаға алған. Жалпы ел аумағында 6 жарылыс тіркелді. Әзірге терактіні кімдер ұйымдастырғаны белгісіз. Ауруханаларға жараланғандар әлі де жеткізіліп жатыр. Теракт жасалған аудандар қоршалып, лаңкестер іздестірілуде.

Дерекөз: 24.kz

21 сәуір 2019, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.