Атырау, 24 сәуір 15:54
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қордайдағы жол апаты: Автобуста Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары болған

3 017 просмотра


Қазақстанның ішкі істер министрлігі Қордайдағы жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары барын хабарлады.

"Жол апатынан қаза тапқан 11 азаматтың сегізі - Қазақстан, үшеуі - Өзбекстан азаматы. Ауруханаға жеткізілген зардап шеккендер арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар" делінген министрліктің 20 сәуір түстен кейін таратқан хабарламасында.

20 сәуір таңғы сағат бес шамасында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Алматы - Ташкент бағытындағы трассаның 181-шақырымында Toyota көлігі жол жиегінде тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. Көлік артында келе жатқан автобус аударылған. Көлік апатынан 11 адам қаза тапқан, 29 адам зардап шеккен.

Оқиғаға байланысты "жол ережесін бұзу", "көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері мен облыстық полиция департаменті өкілдерінен құралған шұғыл-тергеу тобы құрылған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

 

21 сәуір 2019, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.