
Біріккен Араб Әмірліктерінде дзюдодан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы алғашқы күннен-ақ бірнеше медальді қанжығасына байлады, деп хабарлайды Ұлттық олимпиадалық комитет.
Әйелдер арасында 48 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Галбадрах Отгонцэцэг қытай қызы Янан Лиден жеңіліп қалды, тағы бір қазақстандық Ақмарал Науатбек бесінші орынға табан тіреді.
Ерлер арасында 60 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев үшінші орын алды.
Қазақстандық дзюдошы қыз Севара Нишанбаева 57 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде үздік ойын өрнегін көрсетіп, қола жүлдені иеленген.
66 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Ерлан Серікжанов пен Елдос Жұмақанов арасындағы жекпе-жекте Ерлан жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды. Ал Жұмақанов иығынан жарақат алып, татамиге шықпады.
Бірінші күннің нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, екі күміс және екі қола бар.
Дереккөз: sputniknews.kz
В Атырау +1