Атырау, 29 наурыз 12:30
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Тоқаевтың Виртуалды қабылдауы ашылады

2 680 просмотра


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың виртуалды қабылдауы ашылады

Ол «Akorda.kz» сайтында 2019 жылдың 22 сәуірінен бастап іске қосылады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында мәлім етті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы күн сайын әртүрлі ақпарат көздерінен ауқымды хабарламалар алады. 

Халықпен кері байланыс орнатып, қоғаммен пікір алмасу үшін заманауи коммуникация құралдарына – интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерге ерекше көңіл бөледі. Бұл – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. 

Естеріңізге сала кетейік, Президенттің твиттерде бұрыннан жүргізіп келе жатқан жеке аккаунты бар және жақында инстаграмда да парақшасы пайда болған еді. «Аталған әлеуметтік желі алаңдарына халық күн сайын сұрақтарын қойып, пікірлерін, ұсыныстарын жазып жатыр», – дейді Берік Уәли. 

Сондықтан да Мемлекет басшысы азаматтар ресми түрде сұрау сала алатындай заңдық күші бар Виртуалды қабылдау ашуды жөн санады. Азаматтардың осы Виртуалды қабылдауға жазған әр хаты тіркеледі, келіп түскен хаттарды Президенттің өзі және Әкімшілік қызметкерлері қарастырады.

Деоеккөз: 24.kz

20 сәуір 2019, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.