Атырау, 29 наурыз 02:16
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Сайлау 2019: Үміткерлер қазақ тілінен сынақ тапсырып, психиатрда тексеріледі

Бейнежазба
4 147 просмотра


Президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді білу деңгейін ғалымдар анықтайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен лингвистикалық құрам бекітілді. Оның мүшелігіне филология, философия ғылымдарының докторлары, профессорлар, Ұлттық ғылым академиясының академиктері өтті. Атап айтқанда, Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Серік Қасқабасов, Гүлтас Құрманбай және Ерден Қажыбек тілдік комиссияның мүшесі атанды. Үміткерлер мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеу үшін көлемі екі беттен аспайтын жазбаша тапсырма орындайды. Үш беттік мәтін оқиды және көпшілік алдында 15 минут сөйлеуге міндетті. Мұның бәрі Орталық сайлау комиссиясының отырысында жарияланды. 

Алқалы жиында мемлекет басшысы қызметіне үмітті азаматтардың кандидат ретінде тіркелуіне кедергі келтіретін аурулардың тізбесі де шығарылғандығы мәлімденді. 

Ләззат Ақтаева, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі: – Осы тізімді жасау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен республикалық ғылыми-зерттеу орталықтарындағы жетекші мамандардан тұратын жұмыс тобы құрылды. Қорытындысы бойынша 107 аурудың тізбесі жасалды. Медициналық қорытынды психикалық дәрігердің тексерісінен тұрады. 

Кандидат психиатрдан тексеріледі. Психотест бұл бұрын новелла болды. Кандидаттың психикалық ауруы болса, электрондық регистрде тіркеледі. Сондай-ақ президенттікке үміткер кандидат ретінде тіркелу үшін Орталық сайлау комиссиясына екі құжат ұсынатын болады. Біріншісі, мемлекеттік кірістер органдарына кандидат пен оның жұбайының табысы мен мүлкі туралы салық декларациясын тапсырғаны туралы анықтама. Екіншісі, денсаулық жағдайы бойынша медициналық қорытынды. 

Президенттікке кандидаттар анықтаманы тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 2019 жылдың 11 мамырына дейін ұсынуы тиіс. 

Бақыт Мелдешов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі: – Анықтаманы ұсынбаған жағдайда тіркеуден өтпейді. Кандидат тіркелгеннен кейін Орталық сайлау комиссиясы кандидат пен оның зайыбы декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығы туралы сұрау салуды уәкілетті органға жібереді, оны кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде мемлекеттік кірістер органдары тексереді. Декларацияны беру кезінде кандидат немесе оның зайыбы декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталған жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.


Дереккөз: 24.kz

 

19 сәуір 2019, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.