Атырау, 26 мамыр 17:10
Кешке ашық+21, түнде +20
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 378.01  € 420.88  P 5.84

Министр Тұрғымбаев: Қазақстанда туристік полиция құрылды

19 сәуір 14:39


Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен ІІМ алқа отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысына елімізде туристік полиция құрылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бекіткен туристік саланы дамыту тұжырымдамасы аясында ІІМ бастамасымен "Е-виза", "Е-қонақ үй" электронды базасын құру жөнінде ұсыныс жасалды.

Бүгінде 117 елдің азаматтары үшін электронды түрде рәсімделеді және мемлекеттік шекарадан өткен бойда автоматты түрде тіркеледі. "Е-қонақ үй" мәліметтер базасы шетелдіктердің тұратын жерінен есеп жүргізуге мүмкіндік береді және тіркелу үшін міндетті түрде полицияға келудің қажеттігі болмайды.

Өз кезегінде, шетелдіктерді және инвесторларды тарту үшін және шетел азаматтарының елімізге келген кездегі қауіпсіздігі мен жайлылығын жаңа бөлініс – туристік полиция қамтамасыз ететін болады.

Туристік полицияның басты міндеті – келген туристер мен қонақтарға қызықтырған сұрақтар бойынша кеңестер, ақпараттар беру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бірінші кезеңде бұл бөліністер Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында құрылды.

Туристік полиция қызметкерлері бейнетіркеуіштермен, планшеттермен, рациямен жабдықталады және олар мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін, еліміздің тарихын білуі тиіс, сондай-ақ тез тіл табысы білетін және жедел әрекетке әрдайым дайын болуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жайлы климатты қалыптастыруда шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды екенін атап көрсете отырып, шетелдік туристермен жұмыс барысында жекелеген полиция бөліністерін мамандандыру бойынша қабылданып жатқан шараларды мақұлдады.

Дереккөз: zakon.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

838 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4 5 6 7