Атырау, 22 желтоқсан 22:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Президенттікке кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін 107 ауру тізбесі бекітілген

2 212 рет қаралды


ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін 107 ауру тізбесі бекітілген. Бұл туралы  бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптарды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Орталық сайлау комиссиясы мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен нормативтік құқықтық актісі қабылданды және Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 сәуірде  тіркелді. Нормативтік құқықтық актілер электронды түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 сәуірде тіркеліп, жарияланған күннен бастап  заңды күшіне енді», - деді ол. Оның айтуынша, медициналық қорытынды кандидат медициналық куәландыру жүргізу үшін жүгінген кезден бастап күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімде беріледі және Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы мерзімі ішінде жарамды болады. Берілген медициналық қорытындылардың есебін денсаулық сақтау ұйымдары жүргізеді. Оларға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ғана қолжетімділігі бар. «Бірлескен нормативтік құқықтық актіде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін 107 ауру тізбесі көрсетілген», - деді ОСК мүшесі. 

Дереккөз: inform.kz

19 сәуір 2019, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.