
Димаш Құдайбергеннің "Любовь уставших лебедей" әніне түсірген бейнебаяны тыңдармандарға жол тартты.
Әннің авторы ресейлік ақын Михаил Гуцериев, ал музыкасын композитор Игорь Крутой жазған. Бейнебаянды түсірген режиссер – Алан Бадоев.
Оның айтуынша, клиптің негізгі идеясы жұптасып қана ұша алатын жалғыз қанатты періштелер туралы аңыздан бастау алады.
Бейнебаян Испания мен Украинада түсірілді, оған 70-тен астам адам қатысқан екен.
Бұл әнді Димаш алғаш рет былтыр қараша айында Кремль сарайында айтқан болатын.
Таңғажайып дауыс иесі Instagram парақшасында тыңдармандарына жаңа бейнебаянының шыққанын хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПриятного просмотра.Клип про ангелов о любви.Берегите любовь.
Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)
"Любовь уставших лебедей" әнінің клипін жарты тәулік ішінде 150 мыңға жуық адам тамашалап, 16 мың тыңдарман лайк басқан. Бір қызығы, төрт жүзден астам адамға бейнебаян ұнамапты.
Дереккөз: sputniknews.kz
В Атырау +1