Атырау, 22 желтоқсан 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Тоқаевқа Қарулы Күштерінің әскери дайындығы жағдайы баяндалды

2 631 рет қаралды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Бектановты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери дайындығының жағдайы және елімізді қорғау жоспарларын жүзеге асыру жөніндегі Бас штабтың жүргізіп жатқан жұмысы туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қауіп тудыруы мүмкін жағдайларды талдау жұмыстарын күшейту, Қарулы Күштерді одан әрі дамытудың концептуалды жолдарын әзірлеу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Бектанов Қазақстан Президентіне осы күндері өтіп жатқан "Айбалта-2019" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығу туралы баяндады. Соңында Мемлекет басшысы әскери саясат саласындағы мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру, әскери тәртіп деңгейін күшейту, сондай-ақ, өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. 


18 сәуір 2019, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.