Атырау, 22 желтоқсан 21:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы болады - БАҚ

2 577 рет қаралды


Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы болады, - деп хабарлайды РИА Новости "Коммерсант" газетіне сілтеме жасап. 

Басылым хабарлауынша, бұл шешім 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Еуразиялық экономикалық одақтың кеңесінде одаққа мүше президенттердің қатысуымен өтетін жиында қабылданады деп жоспарланып отыр. Мемлекет басшылары одақтың бес жылдығы мен оның нәтижелерін талқылайды, сондай-ақ осы уақытта дейін жеткен нәтижелер қарастырылады.  

"Басылымның хабарлауынша, жиында басты назар Нұрсұлтан Назарбаевта болады. Одаққа қатысты адамдардың сөзінше, ол бұл күні Еуразиялық экономикалық одақтың төрағасы болып тағайындалады", - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта мұндай лауазым жоқ. Сондықтан да Назарбаевтың құзыреті әлі белгіленбеген. 

"Әзірше оның одақты басқа елдерге таныстыратыны белгілі. Ал оның құзіреті одаққа мүше мемлекеттердің вице-премьерлері алдымен 29 сәуірде талқылайды, кейін 30 сәуірде мемлекет басшылары талқылайды. Ақырғы шешім 29 мамырда мерейтой жиынында қабылданады", - делінген газетте.  

Айта кетейік 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өз президенттік өкілеттігін тоқтатқан еді. Мемлекет басшысы болып Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалған. Ол оған дейін Парламенті Сенатының Төрағасы қызметін атқарған. ҚР президентінің мерзімінен бұрын сайлауы 9 маусымда өтеді.

Дереккөз: tengrinews.kz

18 сәуір 2019, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.