Атырау, 22 желтоқсан 21:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

"Екінші балаға аяғы ауыр": Елді шулатқан өгей шешеге қатысты тың дерек шықты

6 589 рет қаралды


Түркістан облысы Жетісай ауданында үш қызға қорлық көрсетті деген күдікке ілінген келіншекке қатысты жаңа дерек шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жетісай ауданы әкімінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айдар Сейдазым "үш қызды соққыға жықты" деп күдіктелген келіншектің екінші перзентіне аяғы ауыр екенін айтты.

"Қыздардың туған анасы күйеуімен ажырасқан соң оларды әкесіне қалдырған. Ер азамат 2016 жылы екінші рет шаңырақ көтерген.

Үш қыздың әкесі қыздарының бұлайша қорлық көріп келгенін білмегенін айтты. Себебі үнемі жұмыста болған.

Ер азамат көлік жөндеу орнында еңбек етіп, отбасын асырап келген. Ал жұбайы үйде балалардың тәрбиесімен отырған.

Қорлық көрсетті деген күдікке ілінген келіншек 2017 жылы ұл баланы дүниеге әкелген. Қазіргі таңда аяғы ауыр.

Қыздар өгей аналарының тиісті жазасын алуын тілеп отыр. Олармен психологтар жұмыс істеп жатыр", - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Түркістан облысында өгей шеше қыздарды ұрып-соқты деген күдікке ілінген еді.

Дереккөз: nur.kz

 

 

17 сәуір 2019, 15:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.