Атырау, 25 сәуір 00:14
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында «Орталық Азия» халықаралық орталығы ашылады

Бейнежазба
5 717 просмотра


Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында «Орталық Азия» халықаралық орталығы ашылатыны туралы екі ел басшысының кеңейтілген отырысында мәлім болды, деп хабарлайды «Хабар 24».


Ал бірлескен мәлімдеме жасалмас бұрын үкіметаралық және ведмоствоаралық құжаттар бекітілді. Атап айтқанда көші-қон, қорғаныс, дін істері және экономикалық саладағы әріптестікті нығайту жөніндегі ортақ келісімдер жасалды. Қазақстан мен Өзбекстан – стратегиялық мемлекеттер. Өйткені оңтүстіктегі көршімізге біз арқылы Еуродаққа жол ашылады. Ұлы жібек жолы қос тараптың ғана емес, Орталық Азия елдерінің дамуына арқау болып отыр. Өткен жылы екі елдің кәсіпкерлері қатысқан бірінші Өңіраралық ынтымақтастық форумы ұйымдастырылды. Бүгінде соның арқасында Қазақстанда 1 мың 400-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Қос ел бірлесіп жеңіл және жүк көліктерін құрастырып жатыр. Одан бөлек көліктік-логистика, көгілдір отын мен трансшекараларық өзен суларын ортақ пайдалану жөніндегі жұмыстар жалғасатын болды. Сонымен қатар екі ел арасындағы әуе және жолаушылар тасымалдайтын автобус бағыттарын көптеп ашу айтылды. Екі ел жастарының байланысын жақсартып, рухани үрдісті жаңғыртуға да президенттер баса мән берді. Түбі бір туыс елдердің саяси, экономикалық және мәдени ықпалдастықтары жыл өткен сайын тереңдеп келеді. Ендігі жерде бұл байланыс одан әрі артады. Өйткені екі ел экономикасын дамыту мақсатында бірлескен «Жол картасы» жасалатын болды..

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: – Өнеркәсіп саласындағы кооперацияға баса мән береміз. Егер 2017 жылы Қазақстанда өзбек капиталы бар бірлескен кәсіпорындар саны 900 болса, қазір 1400-ге жетті. Оған жеңіл және жүк көліктерін құрастыру жөніндегі жобалар оң үлес қосып келеді. Дәстүр бойынша транзиттік тасымал саласында да пікір алмастық. Арада жолаушылар тасымалы көбейді. Әуе рейстері көп. Қосымша тағы да ашуға уағдаластық. Оған қоса, отын энергетикалық секторда, атап айтқанда газ жеткізу ісін одан әрі жалғастыра беруге келістік. Орталық Азиядағы су мәселесі біздің назарда болды. Бұл бағытта бірлесіп жұмыс істей береміз. Тарихи байланысымызға тоқталсам, Өзбекстанда 900 мың қандасымыз тұрады. Оларға оң көзқарас танытып жүрген өзбек көшбасшысына алғысым шексіз.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан республикасының президенті: – Барлықтарыңызды Өзбекстан жерінде қарсы алғаныма қуаныштымын. Қасым-Жомарт Кемелұлы сіздің президенттік қызметіңізге сәттілік тілеймін. Бүгінгі кездесуіміз өзара түсіністік бағытында өрбіді. Жаңа қатерлерге қарсы бірлескен шаралардың маңыздылығына тоқталдық. Оның ішінде, Ауғанстан жағдайына да баса мән бердік. Арал теңізін құтқару қоры жөнінде ойымыз бір жерден шықты. Сауда айналымы былтыр 3 млрд-тан асты. Енді үкіметтер арасындағы әріптестікті арттыру бағытында жол картасын жасаймыз деп отырмыз. Құжат толыққанды жүзеге асырылады. Өзбекстанның Қазақстандағы жылы сәтті өтті. Енді Өзбекстандағы Қазақстан жылын атап өтетін боламыз.

Дереккөз: 24.kz

 

15 сәуір 2019, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.