Атырау, 20 сәуір 01:22
Таңертең ашық+8, күндіз +12
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 379.19  € 426.63  P 5.92

ҰБТ жақындап келеді: білім министрі халықты сақ болуға шақырды

15 сәуір 15:13


Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова ҰБТ кезінде алаяқтарға алданып қалмауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Білім министрі ҰБТ-ның сұрақтары мен жауаптары заңды түрде мемлекеттік құпияның қатарына енгізілгенін атап өтті.

"Сондықтан тест жауаптарымен қолға түскендердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, заң алдында жауап береді", - деді Шәмшидинова үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тест жауаптарын сату мүмкін емес, себебі ол біреудің қолында жүретін дүние емес.

"Халық сақ болуы керек, себебі неше түрлі алаяқтар бар. Мен Назарбаев зияткерлік мектептерінде жұмыс істегенімді білесіздер. Сонда бұл туралы жылда айтылады: түспей қалса, қолымнан келген жоқ деп ақшасын қайтарып береді екен, ал түссе, мен көмектестім дейді екен. Шын мәнінде ол мүмкін емес", - дейді министр.

Шәмшидинова тест кітапшалары шығарылатын жерлерде 24 сағат бойы бейнебақылау камерасы жұмыс істейтінін айтты.

"Камера бір секунд та тоқтамайды. Ол жерге кім барып, не алғанын біз біліп отырамыз. Егер бірдеңе шығатын болса, нақты аты-жөнін айтамыз. Сондықтан халықтың өзі сақ болуы керек", - деп ескертті ведомство басшысы.

Дереккөз:sputniknews.kz


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

239 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5