Атырау, 22 желтоқсан 19:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда лауазымды полицейлерді ұстады

2 907 рет қаралды


Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда полицейлерді ұстағанын хабарлады.

"2018 жылдың тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті лауазымын асыра пайдаланып, героин өткізуге қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары М. Кантурин мен ПД тергеу басқармасының тергеушісі полиция аға лейтенанты М. Әзімханның заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті", - деп жазылған хабарламада.

2019 жылғы 29 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Кантурин және М. Әзімхан ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлімі бойынша, сондай-ақ М. Кантурин қосымша ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлімі, 361-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 10 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды.  

Дереккөз: sputniknews.kz

 

15 сәуір 2019, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.