Атырау, 22 желтоқсан 19:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Президент: Алғашқы сапарымның Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуына тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар

2 691 рет қаралды


- Алғашқы мемлекеттік сапарымның Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Өзбекстанның «ӨзА» ұлттық ақпарат агенттігіне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Осынау атаулы оқиғаны өткізу туралы шешім екіжақты қарым-қатынас жылнамасының жарқын бетіне айналды. Қазақстандағы Өзбекстан жылы өте жоғары деңгейде өтті. Біздің елімізде  ғылым, мәдениет, білім адамдары, мекемелері, кәсіпкерлік құрылымдар арасындағы байланыстарды кеңейтуге және нығайтуға септігін тигізген 200-ден астам іс-шара  ұйымдастырылды. Бірінші қазақстандық-өзбекстандық өңіраралық ынтымақтастық форумы табысты өткізілді. Оның қорытындысында екі елдің байланыстарын одан ары дамытуды көздейтін маңызды құжаттарға қол қойылды", -деді ҚР Президенті. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай форматтағы ынтымақтастық шекаралас облыстардың өзара іс-қимылының артуында маңызды факторға  айналып, бизнестің екі елдің нарығына шығуын жеделдететіндігін, екіжақты сауданы айтарлықтай жандандыруға мүмкіндік беретіндігін баса айтты. «Мәселен, өткен жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымы шамамен 50 пайызға ұлғайып, 3 млрд долларды құрады. Екі мемлекеттің бір-біріне жақындай түсуін халық зор жігерлене қабылдап отырғандығын баса айтқым келеді. Сондықтан бауырлас елге менің алғашқы мемлекеттік сапарымның Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуымен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар",  - деді Мемлекет басшысы.    

Дереккөз: inform.kz

14 сәуір 2019, 13:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.