Атырау, 13 қаңтар 06:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

Ақтауда билбордтардағы Тоқаевтың суреттері ауыстырылды

2 582 рет қаралды


Ақтау қаласында билбордтардағы ҚР Президенті Тоқаевтың суреттері басқа суреттерге ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары барысында жұртшылықпен кездескен болатын.  «Ақтауда менің суретім бейнеленген 14 билборд ілініп тұрғанын естідім. Менің ойымша, бұл - мүлде орынсыз, мен мұндай насихатқа мұқтаж емеспін. Мұндай әкімшілік ыждаһаттылық неменеге керек?», - деді Мемлекет басшысы кездесу барысында.  

«Билбордтарды Елбасы бас болып, қол жеткізген шынайы жетістіктерімізге арнаған жөн. Мен барлық деңгейдегі әкімдерге осыны тапсырамын», - деп қатаң тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.  

Кеше Ақтауда билбордтардағы ҚР Президентінің бейнелері басқа суреттерге ауыстырылды.

Дереккөз: inform.kz

14 сәуір 2019, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.