Атырау, 21 сәуір 21:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.49
€ 552.59
₽ 6.24

Шекарада бір шабадан киік мүйізін алып өтпек болған өзбекстандық ұсталды

1 869 рет қаралды


Оралдық шекарашылар 200 млн теңге шамасындағы контарабанданың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орал шекара отрядының «Сырым-авто» бөлімшесінде шекарашылар Ресейге ірі көлемде контрабандалық жүк өткізбек болған 49 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Ұсталған азамат «Орал - Самара» бағытындағы жолаушылар автобусымен үлкен шабаданда 148 дана, жаңадан кесілген киік мүйізін алып өтпек болған», делінген хабарламада. Баспасөз қызметінің мәліметінше, контрабандалық киік мүйізінің жалпы құны 196,9 млн теңге деп есептелінген. 

Дереккөз: inform.kz

10 сәуір 2019, 08:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.