Атырау, 22 желтоқсан 17:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуге үкіметте қаражат жетеді

1 933 рет қаралды


Президент сайлауын өткізуге үкімет қорынан қаражат бөлінеді.

Республикалық бюджет жобасында кезектен тыс президент сайлауын өткізуге қаражат қарастырылмаған, дәп мәлімдеді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

"Жобада мұндай сома қарастырылмаған. Алайда егер кезектен тыс сайлау жарияланатын болса, үкімет қорының қаражаты пайдаланылады. Ол жоспардан тыс шұғыл шығын үшін қарастырылған. Кез келген жоспарланбаған шығынды осы қор қаржыландырады",- деді Дәленов үкіметтің кулуарында.

2019 жылдың 20 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті қызметіне кіріскен болатын. Бұған дейін ол парламент сенатының спикері болды. Конституцияға сәйкес, Тоқаев Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлану мерзімі аяқталғанға дейін мемлекет басқара алады. Елбасы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан болатын.

Қазақстандағы соңғы сайлау 2015 жылдың 26 сәуірінде болды. Кезектен тыс сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті. Ол сайлаушылардың 98% даусын жинады. Конституцияға сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау мерзімі 2020 жылы аяқталады.

Дереккөз: sputniknews.kz

9 сәуір 2019, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.