Ердоған мен Путин келісімге келе алмады Сәуір айының 8-і күні Мәскеу қаласында Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған кездесті.
Кездесу барысында тараптар қару-жарақ, газ және бейбіт атом жөнінде келіссөздер жүргізді. Келіссөздерден кейінгі бірлескен баспасөз мәслихатында Ердоған мен Путиннің газ мәселесінде келісімге келе алмағандығы белгілі болды.
«Ердоған мырза айтқан газ мәселесіне келетін болсақ, бұл жерде газ бағасы «Газпормның» шешімі бойынша емес, нарық сұранысы бойынша белгіленеді. Бұл жерде біздің түркиялық достарымыз бір бағаны, «Газпром» екінші бағаны сұрайды. Бірақ бұның барлығы түптеп келгенде өз шешімін табады. Біз бұның шешу жолдарын іздестіретін боламыз. Себебі Түркия нарығы біз үшін маңызды» - деп мәлімдеді Путин.
Дереккөз: "The Qazaq Times"