Атырау, 8 маусым 04:20
 дождьВ Атырау +16.5
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

​Қарағандыда 1 миллион теңге тұратын алтын бұйымдарды ұрлағандар ұсталды

2 880 рет қаралды


19 наурызда Қарағанды облысында ұрлықшылар пәтерден жалпы бағасы 1 миллион теңге болатын алтын бұйымдарды ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 2-бөлімінің 3-тармағы бойынша тергеу жұмыстары жүрді. "Михайловскийдегі полиция бөлімі жүргізген тергеу барысында қаланың 21-ден 26 жасқа дейінгі үш тұрғыны ұсталды. Олар кінәларын мойындады. Заттай дәлелдер - қайқы кілт пен алтын бұйымдар табылды", - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, күдіктілер Қарағанды мен Теміртауда бірнеше үйді тонап кеткендерін мойындаған.

Дереккөз: tengrinews.kz

9 сәуір 2019, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.