Дүниежүзілік банк президенті болып Дэвид
Малпас тағайындалды, деп хабарлады ДБ сайтынан.
«Дүниежүзілік банктің атқарушы директорлары бірауыздан Дэвид Р. Малпасты Дүниежүзілік банк тобының президенті етіп бес жыл мерзімге сайлады, ол қызметіне 2019 жылдың 9 сәуірі күні кіріседі. Кеңес уақытша президент Кристалине Георгиеваға алғыстарын білдірді», - делінген ақпарда.
Бұған дейін Малпасс АҚШ халықаралық істер жөніндегі қаржы министрінің орынбасары қызметін атқарған.
Оған дейін ДБ президенті қызметін Джим Ён Ким атқарған еді, ол бұл қызметте алты жыл отырды. Джим Ен Ким 2019 жылдың 1 ақпанынан бастап қызметінен кеткен еді.
Дереккөз: ҚазТАГ