Атырау, 19 желтоқсан 19:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Зеленский Порошенконың ұсынысын қабылдамады

1 583 рет қаралды


Президенттікке үміткер Владимир Зеленский Украинаның қазіргі басшысы Петр Порошенконың ұсынысын қабылдамады. 

Сәуір айының 8-і күні Владимир Зеленский өзінің Facebook парақшасына видео үндеу жариялады. Онда ол Петр Порошенкомен болатын теледебаттың 19-шы сәуір күні Киев қаласындағы «Олимпиский» стадионында өтетіндігін айтты. Бұған дейін Порошенко Зеленскийге теледебатты сәуір айының 14-і күні өткізуді ұсынған. Бұдан бөлек Зеленский өз жақтастарынан Порошенкоға қоятын сұрақтарды дайындауға көмек сұрады. «Украина халқының соңғы 5 жылда Порошенкоға қоя алмай кеткен сұрақтары бар деп ойлаймын. Мен сіздердің аттарыңыздан сол сұрақтарды қоюға дайынмын. Сол себепті сіздерді толғандыратын сұрақтарды (Facebook парақшама-ред) пікір ретінде қалдыруларыңызда сұраймын» - деді Зеленский. Естеріңізге салайық,  Украинада президент сайлауының бірінші туры наурыз айының 31-і күні өткен. Онда сайлау қорытындысы бойынша, Владимир Зеленский 30,22%, Петр Порошенко 15,93% дауыс жинап, екінші турға өткен. Сайлаудың екінші туры сәуір айының 21-і күні өтеді.

Дереккөз: qazaqtimes.com

 

8 сәуір 2019, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.