Атырау, 11 қаңтар 20:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Қазақстанның 11 өңірінде науқастар өздеріне тиесілі дәрі-дәрмекті алмаған

1 480 рет қаралды


Қазақстанның 11 өңірінде науқастар өздеріне тиесілі дәрі-дәрмекті алмаған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бұйрабекова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бір жыл бұрын, 2018 жылдың наурыз-сәуірінде министрлік тарапынан мониторинг тобы құрылды. Аталған шара пациенттер тарапынан министрлікке сатып алу процесі жүргізілгендігіне қарамастан дәрі-дәрмектерді ала алмауларына қатысты көптеген шағымның түсуіне байланысты жүргізілді", - деді ол.

Комитет төрайымының дерегінше, еліміздің 11 өңірінде 2016-2017 жылдарға арналған 4,3 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі  пайдаланылмай қалып қойғандығы анықталған. Ал дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде аталған дәрі-дәректер науқастарға берілгендігі көрсетілген. 

"Мониторинг топтың барлық мәліметтері Бас прокуратураға берілді және өткен жылдан қазіргі уақытқа дейін өңірлерде де, министрлікте де тексеру жүріп жатыр. Осы тексерулердің қорытындысында 20-дан астам қылмыстық іс қозғалды", - деді Людмила Бұйрабекова.  

Дереккөз: inform.kz

8 сәуір 2019, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.