Атырау, 11 қаңтар 20:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Қазақстанның сыртқы қарызы жарияланды

1 918 рет қаралды


Қазақстанның сыртқы қарызы 158 млрд 800 млн АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Ұлттық банк жариялады. Көрсетілген сома 2019 жылғы қаңтардағы мәлімет бойынша жарияланған. 

Қарыздың 63,5%-ы бұрынғысынша фирма-аралық берешек, 25%-ін шырмалмаған кредиторлар алдындағы сыртқы борышы, 7,8%-ін мемлекеттік сыртқы борыш. Қалған 3,6%-ын Үкімет пен Ұлттық банк «Банктер» секторының сыртқы міндеттемелері бойынша жариялады. Өткен жылдың төртінші тоқсанында елдің сыртқы борышы экономиканың банктік емес секторы міндеттемелерінің азаюы есебінен 2,5 миллиард АҚШ долларына қысқарған. Фирма-аралық берешек ірі кен өндіруші және көлік компанияларының шетелдік ұйымдарынан тартылған несиені өтеуі нәтижесінде 1 миллард 800 млн АҚШ долларына қысқарды. Қазақстанның таза сыртқы борышы 2018 жылы төртінші тоқсанда 560 млн 500 мың АҚШ долларына азайып, 47 млрд 200 млн долларға жетті.

Дереккөз: qazaqtimes.com


8 сәуір 2019, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.