Атырау, 28 қараша 10:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Суданда мыңдаған адам президенттің биліктен кетуін талап етуде

1 691 просмотра


Судан астанасында мыңдаған адам шеруге шығып, президент Омар әл-Баширдің биліктен кетуін талап етіп жатыр. Шерушілер президент сарайы орналасқан ауданға қарай талпынып, полициямен қақтығысқа түсті. 1 адам қаза тауып, бірнеше тұрғын жарақат алған. Айта кетейік, Судандағы толқулар желтоқсан айынан бері жалғасып келеді. Наразылық алдымен азық-түлік және жанармай бағасының өсуіне басталған болатын. Ақпанның 23-і күні әл-Башир үкімет пен елдің барлық провинцияларының басшыларын таратып, елде 1 жылға дейін төтенше жағдай енгізді. Ел парламенті кейінірек оның мерзімін жарты жылға қысқартты. Бірақ оппозиция әл-Баширдің биліктен кетуін талап етуде.

Дереккөз: 24.kz

 

7 сәуір 2019, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.