Атырау, 22 желтоқсан 16:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Нұр-Сұлтанда Ана мен бала орталығында өрт шықты

2 739 рет қаралды


Нұр-Сұлтанда Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"101" кезекші пультіне өрт туралы хабар 7 сәуірде 13:50-де түскен.  "Жер төледегі қабатта "Б" блогында 0,5 шаршы метр аумақта электр қалқанында кабель өртенді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін қызметкерлер 200-ге жуық адамды қауіпсіз жерге шығарған. Өрт 14.04-де ауыздықталып, 14.08-де толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген ТЖК хабарламасында.  Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр. Өрт сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 8 адамы мен екі арнайы техника жұмылдырылған.

Дереккөз: tengrinews.kz


7 сәуір 2019, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.