Атырау, 11 қаңтар 20:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Бұл жеткіліксіз - Тоқаев халықты жаппай медициналық қызметпен қамтамасыз ету жайлы

1 764 рет қаралды


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықты жаппай медициналық қызметпен қамтамасыз ету жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі .

"Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Биыл бұл күн халықты жаппай денсаулық сақтау қызметімен қамту тақырыбына арналып отыр. Қазақстанда денсаулық сақтау саласына республикалық бюджеттен 1 триллион 180 миллиард теңге бөлінген. Көп шара атқарылып жатыр, оның ішінде, ТМККК аясындағы жұмыстар да бар. Дегенмен, бұл жеткіліксіз. Әлі күнге дейін аймақтарда қарапайым медициналық қызмет алуда қиыншылықтар бар. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі менің жіті бақылауымда", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 сәуір 2019, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.