Атырау, 22 желтоқсан 16:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Әр ауданға 1 миллиард теңге беріледі - Түркістан облысының әкімі

1 609 рет қаралды


Түркістан облысындағы аудан, қалаларға 1 миллиард теңге қаржы беріледі. Бұл қаражат халыққа биыл пайдасы тиетін, нәтижесі көзге көрінетін, жылдар бойы шешімін таппаған мәселелерді шешуге жұмсалуы керек. Облыстық мәслихаттың алтыншы шақырылымдағы кезекті XXXVII сессиясында аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Облыс әкімі бұл бастама аудандардағы қордаланған өзекті мәселелердің шешімін табуға оң септігін тигізетінін айтады. "Түркістан облысының аудандары мен елді мекендерін дамыту бойынша жұмыстар жүргізілу қажет. Елді мекендердің мәселелерін жүйелі түрде шешуіміз керек.  Осыған орай, аудандарды қолдау мақсатында алдағы үш жылда 1 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлінеді. Бұл қаражатты дұрыс бағытта жұмсап, игерген ауданға кейінгі жылы 2 миллиард теңге берілсе, ал игере алмаған аудандардың қаражаты керісінше қысқарып отырады. Осы арқылы ауданда атқарылған жұмыс нәтижесін аңғаруға болады", - деді Өмірзақ Естайұлы. Сондай-ақ өңір басшысы облыс бюджетінің кіріс бөлігінің тым аз екенін сынға алып, оны екі есеге ұлғайтуға кірісетіндігін жеткізді. "Бюджеттің кіріс бөлігіне қатысты айтар болсам, облыс тек 53 миллиард теңге ғана кіріс табуда, менің ойымша, облыс кірісін  100 миллиард теңгеге дейін, яғни 2 есеге ұлғайтуға қабілетіміз жетеді. Сондықтан да бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі жұмысты жоспарлы түрде жүргізу қажет. Сондай-ақ,  республикалық бюджет қаражаты қаралған облыстың Кешенді даму жоспарын қайтадан дұрыстап қарау қажет", - деді облыс басшысы.  Получить короткую ссылку Тегтер: соңғы жаңалықтар, Түркістан "Ел жаңалықтары" айдарындағы басқа жаңалықтар : Алматыда тағы мың бейнебақылау камераларын орнатады Шымкент әкімі тапсырмасымен бас дәрігерге сөгіс жарияланды Еліміздің оңтүстігінде педиатрлар мен анестезиологтар жеткіліксіз Гүлшара Әбдіқалықова Павлодар облысының басшылығына азаматтарды жұмыспен қамту мәселесін шешуді тапсырды Астарда, құдайы тамақтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы уағыздар айту ұсынылды Подписаться на канал новостей TengriNews: Поделиться

Дереккөз: tengrinews.kz

7 сәуір 2019, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.