Атырау, 1 маусым 15:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +27
$ 447.25
€ 485.18
₽ 4.96

Қызылорда облысының бас санитарлық дәрігері парамен ұсталды

2 547 просмотра


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментімен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы – облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің парақорлық фактісі анықталды. 

Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин хабарлады.

«Ол қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін қарамағындағы аудандық бөлімшелердің басшыларынан 30 мыңнан 50 мың теңгеге дейінгі жүйелі негізде пара алуда күдікті деп танылды», - деп айтты Бердалин.Сондай-ақ, ол санитарлық талаптарға сәйкес туралы оң шешім шығару үшін жеке балабақша өкілінен 150 мың теңге сомасындағы пара алуда күдікті деп танылды. Күдікті кінәсін толық мойындады және тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін Сапасыз консервіленген етті сатуды ұйымдастырған комитет төрағасы 600 млн теңге залал келтіргені және Астана су арнасының бұрынғы басшысы парамен ұсталғаны туралы хабарлағанбыз.

Дерерккөз: baq.kz

4 сәуір 2019, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.