Атырау, 1 маусым 19:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +24
$ 447.25
€ 485.18
₽ 4.96

«Синопэк Қазақстан ХМСК» ЖШС жұмысшылары талап еткеннен кейін жалақыларын 15-20% көтеретін болды

2 214 просмотра


«Синопэк Қазақстан ХМСК» ЖШС АФ жұмысшылары талап еткеннен кейін жалақыларын 15-20% көтеретін болды. Бұл келісімге жұмысшылар мен компания басшылығы арасындағы келіссөздер барысында қол жеткізілді, деп мәлім етті Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов агенттік тілшісіне.

1 сәуірде «Синопэк Қазақстан ХМСК» ЖШС жұмысшылары кәсіпорын кеңсесіне жиналып, жұмысқа шықпай қойған. Олар жалақы көлемін көтеруді талап еткен.

Өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің тапсырмасы бойынша олармен кездесуге облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов барды, ол жиналғандарға еңбек дауларының келісім комиссиясы арқылы заңға сәйкес шешілетінін түсіндірді. Келісім комиссиясының құрамына компания басшылығының, кәсіподақ ұйымының өкілдері мен жұмысшылары кірген.

«Аталмыш кездесу қорытындысы бойынша санаттарына қарамастан жалақыларын 15-20% көтеру туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады шығарылған шешім туралы Бекенов.

Кәсіпорын жұмысы жанданды.

Дереккөз: ҚазТАГ

2 сәуір 2019, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.