Атырау, 12 қаңтар 07:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Ресейде сайлау учаскелері болмағандықтан екі облыс тұрғындары Нұр-Сұлтанда дауыс береді

2 089 рет қаралды

Украина елшілігіндегі сайлау учаскесі. Нұр-Сұлтан, 31 наурыз 2019 жыл

Бүгін, 31 наурыз Украинада президент сайлауы басталды. Нұр-Сұлтандағы Украина елшілігіндегі сайлау учаскесіне таңғы сағат 8-ден бері украин азаматтары келіп, дауыс беріп жатыр. Түскі сағат 11-ге дейін 33 адам дауыс берген. Бұл - Қазақстан бойынша жұмыс істеп жатқан жалғыз сайлау учаскесі. Бүгін ол жаққа келген азаматтар арасында Алматы, Семей, Петропавлдан келгендер болған.

Сайлау учаскесінің төрағасы Виталий Локтев Азаттық тілшісіне Ресейде сайлау учаскелері болмағандықтан Новосибирскі және Свердлов облысынан келгендер де осында дауыс береді деп айтқан.

"Ресей аумағында сайлау учаскесі болмағандықтан ондағы Новосибирскі және Свердлов облысы да біздің учаскеге қосылған" деді Виталий Локтев 31 наурызда.

Оның айтуынша, дауыс беруге құқығы бар Қазақстан бойынша - мыңнан астам адам, ал Ресей бойынша үш мыңнан астам адам тіркелген.

Бұған дейін Киев Ресейде сайлау учаскелері болмайтынын хабарлаған.

Ресей 2014 жылы Украина құрамындағы Қырым түбегін аннексиялап алғаннан кейін екі ел арасындағы жағдай күрт нашарлаған. Сол жылы сәуірде Донецк мен Луганск облыстарында ресейшіл сепаратистер мен Украина әскері арасында соғыс басталған. Қақтығыстардан 10 мыңнан астам адам қаза тапқан. Киев Мәскеуді ресейшіл сепаратистерді қолдап отыр деп айыптайды. Бірақ Мәскеу оны жоққа шығарады. 2015 жылы ақпанда Минскіде қақтығысты тоқтату жөнінде келісім жасалғанымен, ол әлі күнге толық орындалмай келеді.

Дерекөз: Азаттық радиосы

31 наурыз 2019, 13:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.