Атырау, 22 желтоқсан 13:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстандық қыз әлмнің ең үздік 50 сомельенің қатарына кірді

1 895 рет қаралды


Қазақстандық Даяна Насырова Best Sommelier of the World-2019 байқауының қорытындысы бойынша 38-ші орынды иеленді. Бұл туралы Халықаралық сомелье федерациясының сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әлемнің әр елінен келген сомелье мамандары Бельгияның Антверпен қаласында бақы сынады.  Биыл байқау 50-ші рет өтті және онда тұңғыш рет Қазақстан өкілі қатысты. Сонымен қатар, 21 жастағы Даяна Насырова ең жас қатысушы болды. Оның қарсыластарының арасында 60-тан асқан қатысушылар да болды.  "Байқауда 66 қатысушы болды, мен Ұлыбритания (бұл ел-шарапты тұтыну бойынша көшбасшылардың бірі және шарап біліміндегі көшбасшы), Чехия, Украина, Испания, Хорватия және т.б. елдер қатарынан 38-ші орынға ие болдым. Байқау тапсырмалары шарап өндіру, шарап өндіру технологиясы, күшті алкоголь, сыра, сигар, шай, су және кофе өндірушілер, сондай-ақ шараптың дегустациясы, белгіленген уақытта шарап заттаңбасына сәйкес шарап беру мәселелерін қамтыды", - деді Насырова. Байқауда Германия өкілі Марк Алмерт жеңіске жетті.

Дереккөз: tengrinews.kz

31 наурыз 2019, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.