Укринада кезекті президент сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформ агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік таратқан мәліметтерге қарағанда, дауыс беру Украина уақыты бойынша сағат 8-00-де басталып, кешкі сағат 20-00-де аяқталады. Шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша жүзеге асырылады. Украинада барлығы 199 сайлау округі мен 1 шетелдік сайлау округі ұйымдастырылған. Барлығы 29 мың 888 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 79 арнайы сайлау комиссиясы әскери бөлімдердің аумағында орналасқан. Шетелде 101 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Сайлаушылардың жалпы саны шамамен 29,7 млн адамды құрап отыр. Орталық сайлау комиссиясы президентікке канидат ретінде 44 адамды тіркеді. Алайда олардың 5-уі сайлауға түсуден бас тартты. Осылайша, сайлау бюллетеньдеріне президенттікке кандидат 39 адамның аты-жөні енгізілген. 139 укариналық қоғамдық ұйымға президент сайлауында ресми байқаушы тағайындау құқығы берілген. Бұған қоса Орталық сайлау комиссиясы 19 халықаралық ұйым мен 17 шет мемлекеттен 2 мың 344 байқаушыны тіркеді. ОСК дауыс беру нәтижелер мен тиісті хаттаманы 10 сәурге дейін шығару керек. Сайлауда жеңіске жету үшін кандидат сайлаушылардың 50 пайызын және қосымша тағы 1 дауыс жинауы керек. Егер кандидаттардың ешқайсысы бұл дауысты жинай алмаса, дауыс беру қайта өткізіледі. Ол 21 сәуірге жоспарланып отыр.
Дерекөз: inform.kz